Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 246 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 36) және 50) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:
Қағидалардың 9-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
«9. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі -портал) немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы «e-Qurylys.kz» цифрлық жүйесі (www.equrylys.kz) (бұдан әрі - цифрлық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған толтырылған мәліметтер нысаны бар электрондық құжат нысанында жібереді.».